Әкімдерде ақылдан айла басым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әкімдерде ақылдан айла басым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4307
Әкімдерде ақылдан айла басым,
айласыздар сайманын сайламасын.
Бір жылпостың қолына билік тисе,
өзіндеймен толтырар айналасын.
Темір торын жайғанда айла-дана,
әділдік деп тісіңді қайралама:
өзің сезбей қаласың, сені қалай
отырғызып кеткенін айдалаға.
Бұл заманның мылжыңы – батырлары,
жағымпаз бен жылпостың әкім бәрі.
Қоғам көркі – жезөкше қатындары,
мал соңында, кетпенде – мақұлдары.
Көрінгенмен қаншама, іскер, дарын,
біл әкімде тылсымдай күштер барын.
Өтем десең ақ, адал, ойлан, адам,
әкімдерге күніңнің түспеу жағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері