Патша тәжінде – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Патша тәжінде» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 571
Азалы бұлттың көзінен інжу тамады,
Нисан жаңбыры – теңізге жылап, қонады....
Өзін ғаріп санағаны үшін, інжуге айналып,
Патшалар оны тәжіне тағады!

Сол нөсер құрлы бола алмадық-ау, пенде, біз,
Жаралы жырлар – көлде жүз!
Бетон-нәпсіні қираған кемедей қылсақ,
Жаңбыр перзентін үлестіреміз, елге біз!!!

Жасыл жүректің жусанын қалам орады,
Қамыстар мүлгіп, көлдің шырынын сорады.
Жерлік күлкіге айырбастадым, аспанды
Жүректерді емдер, жанымның сұлу – сол әні!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері