Бұл – сұлу муза – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Бұл – сұлу муза» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 774
Жанның күлкісі – сыңғыры қандай!
Сыйқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!
Жүрегі пәктің әр күні қардай,
Бұл – сұлу муза!

Нұрдың әлемі – орады келіп,
Жырым еркелеп, барады елік!
Күлімдеп, маған қарады неғып,
Бұл – сұлу муза!

Аспандағы сәт – аяулы, неткен,
Бақ іздеп келгем, баянды көктен!
Саңқ еткен даусым, - оянды өктем,
Бұл – сұлу муза!

Бұлт мақта болып, қолыма қонды,
Шықтым, сыймағасын, торыма енді!
Қызғалдақ екті, жолыма енді,
Бұл – сұлу муза!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері