Ойлар мені мазалайды күні-түн – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ойлар мені мазалайды күні-түн» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1630
Ойлар мені мазалайды күні-түн,
Үнсіз дүние, күтетіндей бір үкім.
Тас-түнекте қайтіп өмір сүрер ем,
Сөнсе көктен, сөнген жұлдыз үмітім.
Сағынғандай ақ жаңбырды аңсап қыр,
Ауырғандай жан-жүйкесі шаршап бір.
Жаратылыс, бүкіл дүние тұтасып,
Бір-бірімен байланысты ән сап тұр.
Келші досым, айтшы, өмірдің бар мәнін,
Қыран емес, мұң болып тұр қарға адым.
Мәңгілікке сапар шекпей жатар ем,
Болмаса егер менің мұлы арманым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері