Өмірдің таңы, түсі, келер кеші – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмірдің таңы, түсі, келер кеші» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 763
Өмірдің таңы, түсі, келер кеші,
Сүйікті болмасақ та ел еркесі.
Ой салып бауырындағы төбелерге,
Түседі биіктердің көлеңкесі.
Жүр бүгін бала ғашық түске оралып,
Емеспіз біреулердей іске қанық.
Жібергім келер емес уысымнан
Жастықтың шалғайынан ұстап алып.
Шық тамбай, көңіл деген гүліме түк,
(Қорыттым, көргенімді білім етіп)
Соңына сайраған бір із қалдырмай,
Ерліксіз бара жатыр күнім өтіп.
Ғасырға ғашық болып туған ақын,
Жөнің жоқ, қуланатын, бұлданатын.
Қалаған тамаша емес, оңашаны,
Көңілім күлкіден де мұңға жақын.
Өмірдің жүріп жатыр көкпар әні,
Әнімді тыңдаған дос жоқтар әлі.
Жанымды түсінер кім, кісілердің,
Сәлемі сатулылау боп барады.
Болғысы келер ойдан әркім азат,
Өмірдің сияқты ма арты ғажап.
Айнала адамдардан сәл артықтау,
Ақылдан жүргендер бар тартып азап.
Ұйқымды таң атқанша он бөлемін,
Белгісіз шаршағаным, шөлдегенім.
Тұрғандай бір ұлы күш айналдырып,
Уақыттың алға қарай дөңгелегін...
Қылығым болса «тентек» кешер аға,
Кәрілік келіп кенет, өш ала ма?
Көзімнен бұбұл дәурен барады ұшып,
Бәрі де сияқты еді-ау кеше ғана...
Қиналам, жүректегі отым үшін,
Алады адам көзін оқып ішім.
Барады ыстық тартып бір кездегі –
Өртеген өзегімді өкіншім,
Қиналам, өшпей қалған отым үшін!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірдің таңы, түсі, келер кеші өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өмірдің таңы, түсі, келер кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірдің таңы, түсі, келер кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірдің таңы, түсі, келер кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері