Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1141
Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым,
Дауысыңа қосылып таң жырласын.
Жаймашуақ болмаса, бағың жайлы,
Табылмайды... артпашы тағдырға сын.
Қашан қонып, талыңа ән саласың,
Ашық күнді жаныңа аңсағасың.
Күміс үннен күн бойы өріп сәуле,
Қанша беріп, бағыңа қанша аласың?
Қамықпашы, ауысып басқа өлеңге,
Сандауғашым көзіңнен жас көрем бе?
Сезіміңсіз, төгілген өз үніңсіз,
Айналардай дүние тас кереңге...
Не тілейсің, тілегің орындалсын,
Сенің мұңың, тамшыдай өмірге аусын.
Қақпақыл ғып ойнасын, қағып алып,
Мені жерге түсірмей сенің дауысың.
Көңіліме көңіл жоқ, қайдан алам,
Бір жылылық іздеймін айналадан.
Менің жетім жаутаңкөз жүрегімді
Сенің сырлы дауысың аймалаған.
Көктеміме жетеле, еліктірші,
Жүрегіме ұя сап, еніп кірші.
Кезектесіп жырлайық мұңымызды,
Мұңдасыңды ұмытпай келіп тұршы.
Ақ әлемді әніңмен еміп тұршы.
Сандуғашым сайрашы, әні шамдай,
Сырлы үніңмен тірлігің әлі шалғай.
Жарық күннің өтерміз, шаттық-мұңын,
Шырқап, жырлап екеуміз тауыса алмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері