Не жетпейді?

Бұл бетте «Не жетпейді?» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Не жетпейді?
Неге жаным жүр шөлдеп,
Өкпелеп те, өмір сүрдім бір сен деп.
Мен бақытты бола алмаймын қазы жеп,
Сыртта ашығып, жүрсе біреу бүрсеңдеп...
Адастырды жұлдыз көзді тұнық түн,
Түн кеткен соң, келер тағы, күліп күн.
Таңғы ойлардан, талықсып, сәт көз ілем,
Әуенімен әлдилеген үміттің.
Ғашық болмай, жүрсем, жүрек жалынсыз,
Не жетпейді?
Кімді күтем сабырсыз.
Шыр айналып зырылдайды ұршықтай,
Жер-тірліктің дөңгелегі дамылсыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не жетпейді? өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Не жетпейді? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не жетпейді? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не жетпейді? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері