Қылығына сырттай налып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қылығына сырттай налып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Қылығына сырттай налып,
«Сұлуыңа» сене көрме.
Аймалар ма ем, бұлтқа айналып,
Шыңға айналсаң сен егерде.
Сенсіз тар ғой аспан маған,
Аспан ашқын осы жерден.
Гүл болсам, жат басқа ауладан,
Аулаңа әкеп көшірер ме ең?
Шалдықтым ғой «дертке» ойланбай,
Нені ойлағын...
кешірем мен.
Тұрған кезде өртке айналмай,
Шоқты іштегі өшірер ме ең?
Жел соқса, бас иетін шынар,
Кім білген, үміт алдайтынын.
Қаиетті қасіретім шығар,
Сені ұмыта алмайтыным...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қылығына сырттай налып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қылығына сырттай налып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қылығына сырттай налып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қылығына сырттай налып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері