Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек,
Айдарымнан бақытымның жел еспек.
Мен өзіңді есіме алсам, құс жолы
Көз алдыма тұрады ылғи елестеп.
Әрбір жолын әшекейлеп зерменен,
Құстың жолын тартсам деймін жерге мен.
Осы ойлармен жанға тыным бермеген
Айлы аспанның бесігінде тербелем.
Аймалайды бір қоңыр жел бетімді,
Жетер жерге сыбырлап тез жетуді.
Аңсау менен сағыныштан жаралған
Құстың жолы үміт жолы секілді.
Ұқсайды ол түскен ізге қанатпен,
Қанат барда, бойда сабыр-тағат кем.
Күзгі аспанның бұрымындай өрілген
Тұрам аппақ құс жолына қарап мен.
Жастығымды қалайыншы бір көріп,
Сезім деген бітпейтұғын күнделік.
Саған деген сағынышымды жібердім,
Созылған ақ құс жолымен бірге өріп.
Тазалыққа биіктегі таңданам,
Сұлулыққа қарап көзім қанбаған.
Құстың жолы күміс көпір сияқты
Көкжиекпен көкжиекті жалғаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері