Болады бір жеңілісім, жеңісім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Болады бір жеңілісім, жеңісім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Болады бір жеңілісім, жеңісім,
Өлең құсым араласын ел ішін.
«Қандай сыйлық алдың?» - деп сен сұрама,
Жарық күннен артық сый жоқ, мен үшін.
Баға қойып, мүмкін кінә тағарсың,
Өтірік күліп, өсек отын жағарсың.
«Қандай үйде тұрасың?» - деп сұрама,
«Азаттықтан» артық үй жоқ маған шын.
Періште емес, екі аяқты пендемін,
Пенделікпен, ғасырға аман келгемін.
«Жарың қандай, көрсетші?» деп өтінбе,
Сатып алған мүлкім емес, ол менің.
Машина ма? аңсамайды көңілім,
Ауыр жүк қып, алып жүрер мені кім?
Екі көзім ояу тұрған кезінде,
Ақсай басқан осы аяғым, көлігім...
Құлы емеспін, мансап пенен ақшаның,
Ақшасыз ақ үмітімнің жақ, шамын.
Отырғанда ұйқылы-ояу оңаша –
Өз ойыма өзім ие, патшамын!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болады бір жеңілісім, жеңісім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Болады бір жеңілісім, жеңісім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болады бір жеңілісім, жеңісім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болады бір жеңілісім, жеңісім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері