Туған жерден келмейді алыстағым

Бұл бетте «Туған жерден келмейді алыстағым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Туған жерден келмейді алыстағым,
Бұрып арман, жан-сезім ағыстарын.
Мен даланы сүйемін ақын Расул –
Сүйсе қалай, тауымен, Дағыстанын.
Жақын дала, жаныма жақын ауыл,
Сағынышпен таңымды атырамын.
Ақсуымды сүйемін ақын Әбу,
Сүйсе қалай, теңізін, Атырауын.
Туған жермен жалғасқан қан-тамырым,
Соғып тұрған жүрегім, орталығым.
Мен даланы сүйемін Мақатаев,
Сүйсе қалай, «Қарасаз», «Хантәңірін».
Туған жерден келмейді алыс тұрғым,
Топырағымен сол жердің таныс, құрбым.
Кең далаға деген кең көңілімді
Ештеңемен келмейді салыстырғым.
Жазсам деймін жер жайлы мұра-дастан,
Уақыттан рұқсат сұрамастан.
Әр таң сайын даланы аңсап тұрам,
Аңсағандай шырқау шың, қыран аспан.
Қайратыңды қайтадан жанып беріп,
Көкірегіңді тұрады шабыт керіп.
Туған жердің тұрғандай аспанынан –
Бір жұлдызым жақындап жарық төгіп.
Қасиетіңді кешігіп білгендеймін,
Сырт көздерге сағынсам, сыр бермеймін.
Мен өзіңсіз туған жер, уақытша –
Басқа жерде қонақ боп жүргендеймін.
Анам менің арманшыл туыпты арман,
Бастау алған сезімім тұнықтардан.
Ұқсаймын мен сайрағыш сандуғашқа
Туған жердің көгінде тұрып қалған.
Тұлпар берсем, жел берер қолтығыма,
Себеп болып сезімнің толқуына.
Туған жердің бір уыс топырағымын,
Араласқан Ақсудың толқынына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерден келмейді алыстағым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Туған жерден келмейді алыстағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерден келмейді алыстағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерден келмейді алыстағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері