Қолдай көрші жалғызды – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қолдай көрші жалғызды» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2447
Бұл тірліктің қарамай оң-солына,
Барды салам жалғыз ұлдың жолына.
Жасым болса, бара жатыр ұлғайып,
Бақыт құсы қашан қонар қолыма?..
Қандай адам болар екен келінім?
Сүйеніші бола алар ма ерінің.
О, жаратқан, жалбарынам өзіңе,
Кезіктірме кедейдің бір керігін.
Адаммын ғой айырар ақ-қараны,
Жоқ-жұқаның төмен тұрар назары.
Қаншама рет тартсаңдағы көн деген,
Сол баяғы қалыпына барады.
Дұрыс жүріп өтсін жастар жол басын,
Оларды тек аруақтар қолдасын.
Жалғыз ұлдың таңдап жүріп, тапқаны,
Қалталының бір шолжаңы болмасын.
О, жаратқан, қолдай көрші жалғызды,
(Қиналғаннан тағы ауызға алғыздың).
Ақылына көркі сайды кезіктір,
Көз алдыңнан өткізсең де бар қызды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолдай көрші жалғызды өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қолдай көрші жалғызды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолдай көрші жалғызды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолдай көрші жалғызды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері