Қос еңбеккер

Бұл бетте «Қос еңбеккер» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2284
Таң алды, жұрт ұйқыда, бұйығы маң,
Жүрекке тұр бір ғажап құйылып ән.
Ұялтып тастай ма деп келесі күн,
Отырмын түспей түннің иығынан.
Сан қағаз шимайланды, нөсерлеп тер,
(Кей «білгіш» бұл ісімді «бос ермек» дер).
Жыр жолын дәптеріме тізіп жатыр,
Шыдам мен шабыт деген қос еңбеккер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері