Тыныштық – тынысым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тыныштық – тынысым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.
Сенің жұмысың, оның жұмысы,
менің жұмысым!
Күйгендей боласың,
ызадан отқа шын,
Біреудің біреу кеп қатты ұрса қапасын.
Көз жұмып мен қалай отырам,
Өзімнің аман деп Отаным, от басым.
Доссың ба, қолыңды қолыма жалға кел,
Көңілім – кіршіксіз, ақ сүттей таңғы әлем.
Қалайша бақытты болады, білмеймін –
Адамды адамдар өлтіріп бомбамен?!
Жұмыр жер – адамзат тұрағы,
Тыныштық – олардың арманы, ұраны.
Сұм соғыс шықпасын есінен ешкімнің,
Ол жылдың зардабын тартқандар тірі әлі…
Тоқтасын тас жүрек ажал – оқ атысын,
Бұл жырды жаздым мен аналық хат үшін.
Үндемей қалуға хақым жоқ, өйткені –
Уақытқа осынау бар менің қатысым!
Тыныштық – жалғыз-ақ, жалғыз-ақ тілегім,
Әлемге алаң боп, елеңдеп жүремін.
Бір жерде өрт шықса, ұшады шырылдап
Достықтың құсындай қарлығаш – жүрегім…
Планета тынысы – менің тынысым, сенің тынысың,
Ізгі ойлы адамзат – жаны бір туысым.
Апаттан, ажалдан әлемді қорғау да –
Сенің жұмысың, оның жұмысы, менің жұмысым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштық – тынысым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тыныштық – тынысым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштық – тынысым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштық – тынысым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері