Cәл сүрінсем, сүйей өзі тұрғызып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Cәл сүрінсем, сүйей өзі тұрғызып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Cәл сүрінсем, сүйей өзі тұрғызып,
Өмір деген өтер бастан бір қызық.
Сол өмірге жалау болған жүрегім,
Тірлігімнің моторындай тұр қызып.
Жанға сая болмай мынау жасыл бақ,
Көкірегіме өткен күннен жас ұрлап.
Аласұрам, осынау титтей кеудемде,
Тұлпар шауып баратқандай тасырлап.
Жүрегім менің, уақытпен соқ талмай,
Жүрекке жүктер аманат деген көп қандай.
Кейде бір жаным ақ жаңбыр тілеп тұрады,
Көк аспанға шаңым шығып жатқандай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері