Жас кезімде мен де ғашық болғанмын –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Жас кезімде мен де ғашық болғанмын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жас кезімде мен де ғашық болғанмын,
Сүйген жанға жырымды іштей арнадым.
Биіктерге көңілім кетіп көз жетпес,
Арман болып атты қанша таңдарым.
Жас кезімде бетпе-бет кеп сезіммен,
Асау жүрек бір бұлқынып, көз ілген.
Қала бердім қалтарыста елеусіз,
Үлкендерге ғашық болып өзімнен.
Сүйсем нені шын сүюші ем, бояусыз,
Жаныма ол дақ салса да аяусыз.
Жар дегенім, дос дегенім өткінші,
Уақыттай өте шықты баянсыз…
Қалды алғашқы қасіретім қай маңда,
Өмір жайлы келмей ешбір байламға.
Төмен қарап қоштастым ба, мен әлде
Төмен қарап таң қанатын жайғанда!..
Салқын тарттым өрт сезімге күйіп көп,
Дүниені бір басына үйіп тек.
Биіктерге ғашық болып жүріп мен,
Кеткенімді білмей қаппын биіктеп!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі