Өлең, жыр, ақындар

Бірге түстік тірлікте от пен суға екеуміз

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Бірге түстік тірлікте от пен суға екеуміз,
Қанықпыз ғой бастан бұл өткен сырға екеуміз.
Бірге татып өмірдің ащы дәмін екеуміз,
Көңілдердің шырқадық асыл әнін екеуміз.
Адалдыққа тек қана жүгінеміз екеуміз,
Тұрмыстың кей желімен жүгіреміз екеуміз.
Алатаудан армандай аласамыз екеуміз,
Жоқ нәрсеге бүлініп таласамыз екеуміз.
Бірге тарттық тағдырдың қыспағын да екеуміз,
Уақыт атты ілесіп күшті ағынға екеуміз.
Сылап-сипап көңілдей жауыр атты екеуміз,
Ұстап тұрған шайқалтпай шаңырақты екеуміз.
Жел өтіне маңдайды тостық бірге екеуміз,
Жеттік талай жол жүріп, достық күнге екеуміз.
Тыныштықты үйдегі ұнатамыз екеуміз,
Жылаған жас баланы жұбатамыз екеуміз.
Дүниенің бар-жоғына ортақтасып екеуміз,
Жамандықтан қашамыз, қорқақ басып, екеуміз.
Жапырағынан қайыңның шық санайтын екеуміз,
Бірімізге біріміз ұқсамайтын бөтенміз...
Ұшқан құстың көктегі қос қанаты екеуміз,
Бір өмірдің бір жолға қосқан аты екеуміз?
Күзгі бақтың шығынан моншақ тағып екеуміз,
Армандарға аңсаған шаршап-талып жетерміз.
Кетісуге керісіп қиыспайтын екеуміз,
Бір үйге жүз құбылып, сиыспайтын екеуміз.
Өзенінде өмірдің көшкен сеңдей екеуміз,
Жер бетінен асығып ескен желдей өтерміз...
Жастық шақты мәңгілік аңсайтұғын екеуміз,
Күтуменен ақ таңды шаршайтұғын екеуміз.
Ағарттық па шынымен самайларды бекер біз,
Осы жайлы оңаша қалай ойлайды екенбіз!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек

  • 0
  • 0

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек,
Тіл қатпаймын, естімес кереңге кеп.
Көре алмаған өңімде жақсылықты
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.

Толық

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін

  • 0
  • 0

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін,
Өзіңдегі өмірді көксердеймін.
Жер бетінен аспанға бу боп ұшып,
Жер бетіне су болып жетсем деймін.

Толық

Тәтті сөзден, қайсы менің ұтқаным

  • 0
  • 0

Тәтті сөзден, қайсы менің ұтқаным,
Айрық жолда қалдым, қаңғып, бітті әлім.
Әппақ нанды шайнап салып аузына,
Қол соқтық қой, тамашалап жұтқанын...

Толық

Қарап көріңіз