Сылаң белдер сіміріп бір күйді алау – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сылаң белдер сіміріп бір күйді алау» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Сылаң белдер сіміріп бір күйді алау,
Сусып төмен түсіпті ақ желегі.
Таза ауадан майда қоңыр бұйралау,
Көктем иісі келеді...
Күн төбеден бала қаздай тұр күліп,
Тамыры иіп жатыр босап тау-қырат.
Тас-бұлақтың жағалары жыртылып,
Толқын жатыр жамырап.
Қиял-ойды бөлмей бөлек ешбір үн,
Қайнап жатыр жер ошақта от құман.
Айсыз аспан көктем күтіп кешқұрым,
Сіміреді ақ тұман...
Шулы дүние жастық жайлы толғайды ән,
Жалаңаш тұр, жасау күткен шырын бақ.
Көктем құсын шақырады шалғайдан,
Боз торғайлар шырылдап...
Бір күйге еніп тірлік түгел жаңадан,
Желкілдейді жердің әппақ желегі.
Көкірекке көкшіл аспан ауадан,
Көктем иісі келеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері