Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 5018
Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде,
Бөлек біздің ауылдың дерті мүлде.
Бір сапарға шығып ем он үшімде,
Енді мына тағдырдың еркі кімде?
Ауыл қалды шалғайда, жер түбінде.

Қайрылуға қайран жоқ,барам ұзап,
Жолдас болдым жандарға жанары жат.
Ішіп жүрген суымның бәрі– кермек,
Жұтып жүрген ауамның бәрі– аңызақ,
Қайрылуға қайран жоқ, барам ұзап.

Ұзап барам, қайтейін, барған сайын,
Қанша жылым бар енді, бар қанша айым?
Бәйтеректің басымын тамырынан
Алыстайтын– жапырақ жарған сайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері