Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі

Бұл бетте «Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі,
Әнің сенің жасыл бақша, жер гүлі.
Саған таңсық емес сонша, сеземін,
Қырандардың аспандағы ерлігі.
Шертші маған ей, жігітім, басқа күй,
Сілкіп көңіл, қайнасыншы баста ми.
Қараймын мен әрбір атқан таңыма,
Көзіменен еш кінәсіз жас сәби.
Бұлақ, сенің маған аян ғашығың,
Сырың жоқ қой, жаға-жайдан жасырын.
Жүгіріп сен асығасың көруге
Теңіздердің аласұрған ашуын.
Бел-төбелер, маған аян көптігің,
Аласасың, басыңда қар жоқ бүгін.
Мойыныңды қанша көкке созғанмен
Көре алмайсың Асқар таудың шоқтығын.
Айтшы маған, ей, әнші құс басқа әнді,
Көкірегіңнен көрсет көкшіл аспанды.
Жымисын бір түнгі көктен жұлдыздар,
Ай арудың нөкеріндей шашбаулы.
Бәрі-бәрі мәңгілікке асығып,
Бір-бірінің осалдығын жасырып.
Өмірде осынау құра берсін салтанат,
Бір-бірінің бағаларын асырып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері