Жүрек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүрек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Кезі жоқ бір шабыстан болдыратын,
Байқасаң жүрек деген ол бір ақын.
Емес пе осы жүрек қасиетті,
Бойыңды қыздыратын, тоңдыратын.
Әнеки, жатыр қанша артта белес,
Ол бізді есіне алып жоқтар емес.
Келмейді күшім әсте паршалауға,
Өйткені жүрек маған көкпар емес.
Бұл жүрек осы өмірмен егіз мәңгі,
Жол біреу,
жол үстінде көп із қалды.
Адам бар,
сол адамда жүректер бар,
Көбі отты
болғанымен, көбі ызғарлы.
Бұл уақыт жас жаныма от қаласын,
Басқаның бақытына жоқ таласым.
Осы бір жүрегіммен сырт-сырт соғып,
Сағаты өмірімнің тоқтамасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері