Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам

Бұл бетте «Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 550
Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам,
Өмір – теңіз, толқынымен шайқалам.
Саған деген сезім гүлі қалғыған
Көзін ашып келе жатыр қайтадан...
Сені ойлаймын, жат көздерден ұрланып,
Сағынышпен жүрек гүлі бүр жарып.
Түнгі әлсіз сәулесімен аймалап,
Жалғыз жұлдыз тереземді тұр бағып...
Қиялымның болған емес тұрағы,
Өткен күндер ұмытылмай жүр әлі.
Кеудемдегі саған деген от сезім
Қараңғы үйді жарық қылып тұрады.
Сені ойласам жүрек жиі ұрады,
Өмірімнің сарқылмайтын жыр-әні.
Сені күтіп, мен отырған бөлменің,
Терезесі түнде алаулап тұрады...
Екеумізде бір-ақ сезім, бір ұғым,
Өз алдыңда тәкаппармын, ірімін.
Сен болмасаң, жақпайтындай жаныма
Қара теңіз жағалауы, Қырымың!
Саған қарай талпынған ол бала құс,
Бала құсқа арман көгі әлі алыс.
Сенсіз жерде менің күлкім күлкі ме,
Сенсіз жерде демалыс па демалыс!
Сенің көзің қыраннан да қырағы,
«Өмір – күрес» – өмірімнің ұраны.
Сүйем деген сөздің өзі өзіңе
Айту үшін әлсіз соғып тұрады...
Сүймегендер сүйгендерді жүр күндеп,
Мен соларды аяп тұрам «шіркін!» деп.
Саған деген қалғып кеткен сезім гүл
Көзін ашып келе жатыр біртіндеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл күйімді қалай, қайтіп айта алам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері