Ой ұшқыны – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ой ұшқыны» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2354
Жанға жинап дүниенің жарығын,
Жас кезімде лапылдады жалыным.
Жалпы жұртты жарылқауым қиын ғой,
Көп жүрекке ашпа болып дарыдым.
Кей адамдар мені бірақ ұқпады,
Құшағыма құшақ ашып шықпады.
Болған шығар сыртымнан сөз айтқандар,
Қарсы келіп қалған кезде - «ықтады».
Сондадағы адамдарды бөлмеймін,
Қай кезде де айдын шалқар көлдеймін.
Жақсылықпен жүретұғын жамырап,
Енесінен айырмаған төлдеймін.
Аз емес қой бұл өмірдің сабағы,
He іздесе, адам соны табады.
Ақылдының алдында мен бас ием,
Болмау үшін ақымақтың мазағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ой ұшқыны өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ой ұшқыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ой ұшқыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ой ұшқыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері