Қуаныш жасы – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Қуаныш жасы» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 823
Күз жапырағымен дос болып жүрдім, үзіліп,
Ауада бірге сенделіп.
Ұшу бақытыма тау да тұрды, қызығып,
Самалыма емделіп.

Жарық шашайын, жасын боп келіп, таңдарға
Рухымды Күн қып, кім ілген?
Тектінің ісі – жүрегін беру – Жаббарға,
Оранар, енді, түн гүлмен!

Күні туады, Рухы оянған жандардың,
Әлемге нұры шашылып.
Тұрады, сонда, біз шыққан биік заңғардың
Қуаныш жасы жосылып!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері