Өлеңімен озады – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Өлеңімен озады» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2200
Жанғали Набиуллинге

Өмір бойы аруақ тұтып жыр атын,
Соған ғана бағыштаған мұратын.
Елеусіздеу жүріп жатты Оралда,
Қалың қазақ білетұғын бір ақын.
Түбінде бір кезек келіп әр үнге,
Біліп едім, еленерін елінде.
Залым заман перісі емес, халайық,
Өлең сөздің серісі отыр төрінде.
Талшыбыққа жол бастаған қарағай,
Таршылықта жол бастаған дарадай.
Өлең отын үрлеуменен келеді,
Тоқшылыққа, жоқшылыққа қарамай.
Қанағат қып ырыздыққа қолда бар,
Нағыз ақын тек өлең деп толғанар.
Күнде оны шаңға көміп кетеді,
Жүйткіп жүрген «Вольвалар» мен «Волгалар».
Жыр жинағын жаппас уақыт тозаңы,
Ол қашан да биіктіктен қол созады.
Бұл күндері жаяу жүрген ақындар,
Болашақта өлеңімен озады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңімен озады өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Өлеңімен озады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңімен озады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңімен озады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері