Самат Сапарұлы елуге толғанда – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Самат Сапарұлы елуге толғанда» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2406
Бұл өмірдің көктемі бар, жазы бар,
Содан кейін күз бен қысы тағы бар.
Елу деген жаз бен күздің ортасы,
Тал бойыңнан сан қазына табылар...
Бір қарасам, немерең бар - атасың,
Соны ойнатып, мол қызыққа батасың.
Бір қарасам, жас жігіттей жалаңдап,
Оңға-солға кетіп бара жатасың.
Азаматтың таусылмасын сапары,
Сиремесін достарының қатары.
Қайда жүрсің «сотовыйға» тыным жоқ,
Ойдан-қырдан Саматты іздеп жатады.
Арқаңда бар ауыр салмак, - бүгілме,
Еткен еңбек еленеді түбінде.
Бәрі саған қарап отыр - байқасаң,
Бір әулеттің үлкенісің бүгінде.
Қай кезде де жиын-тойға дайынсың,
Күншілдердің төбесінен жай ұрсын!
Ұл-қызыңның өрісті боп өмірі,
Бәйтеректей жапырағың жайылсын.
He болсшыз елуінде ерінсек,
Кәрілікке осы бастан берілсек.
Біз үшін сен сол бозбала Саматсың,
Қарашаш та әлі жап-жас келіншек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері