Сәндібек Әлібековке хат – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Сәндібек Әлібековке хат» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2377
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Жұмбақ жас - жетпісіңді алқымдадым.
Өлең кеп өзегімді өртегенде,
Шәйнектей газға қойған сарқылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Келеді әр күнімді алтындағым.
Көп күнім алтын болмай, жез боп шығып,
Қурайдай желді күнгі қалтылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Алдында, біреулердің артындамын.
Басымды тікпедім мен бәсекеге,
Мінезім ыссы, бірақ салқын қаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Озғым кеп қатарымнан талпынбадым.
Алалап адамдарды жүргенім жоқ,
Болса да қалтам жұқа, жарқын жаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Белгілі мезгіл жетсе, сарқылмағым.
Келемін мазасыздау тірлік кешіп,
Өзімше ойлауменен халқым қамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәндібек Әлібековке хат өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Сәндібек Әлібековке хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәндібек Әлібековке хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәндібек Әлібековке хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері