Сенім – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Сенім» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 1
  • 4269
Бұл кезде таңым нұрлы, түнім Айлы,
Мөлдірмін хрустальдай-шыныдай бір.
Жыр жазып жүрмін қазір жасыл бақ пен
Балкөмей бұлбұлдардың үні жайлы.
Бас шұлғып, әркімге бір жағына алман,
Күтіп түр арман, тілек, бағым алдан.
Жан емен жеңіл тұрмыс іздейтұғын,
Кездессе оңай олжа қағып алған.
Келгем жоқ бұл өмірге бекерге мен,
Өмірден қалғып-мүлгіп өтер деме.
Қаратау қыранындай кектене ұшып,
Жетіп бір жығылармын, жетер жерге!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Мөлдір

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері