Сурет

Бұл бетте «Сурет» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2630
Бабамның дархан алабы,
Бусанып жатыр шық түсіп.
Жібітіп тұмса даланы,
Тамылжи Күн де шықты ысып.
Сабыры көлдің бар тегі,
Кесеге құйған тұр сүттей.
Бала қыздардың бантигі,
Бұтақтардағы бүршіктей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері