Таба нан – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Таба нан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2628
Қойғандай қызыл-жасыл нұрга малып,
Көрінер қызғалдақтар қырдағы анық.
Шығысты таң шырайы зерлегенде,
Ешкітау шыға келер тұлғаланып.
Қызуын үлестірген бар адамға,
Жомартты бұдан артық таба алам ба?
Ұқсайды көкжиектен көрінген Күн,
Ошақтан жаңа алынған таба нанға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері