Түйін

Бұл бетте «Түйін» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2461
Алдыңнан арайланса арман асыл,
Соған бір жету үшін қарманасың.
Талайдың осы жолда таңы атып,
Талайлар соғып жүр ғой жарға басын.
Бір жанып, үміт оты бір өшеді,
Асқақ ой бақыты үшін күреседі.
Біреуді сүріндіріп кетсем бе деп,
Ішінде пасықтардың жүр есебі...
Өзінің мөлдірлігін шырақ қылып,
Бұл өмір - ағып жатқан бұлақ күліп.
Әлгіндей бетке шіркеу жаңқаларды ол,
Жағаға тастаса екен лақтырып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйін өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Түйін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түйін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түйін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері