Бұл бетте «Түйін» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
28.11.2015
0
0
2560
Алдыңнан арайланса арман асыл,
Соған бір жету үшін қарманасың.
Талайдың осы жолда таңы атып,
Талайлар соғып жүр ғой жарға басын.
Бір жанып, үміт оты бір өшеді,
Асқақ ой бақыты үшін күреседі.
Біреуді сүріндіріп кетсем бе деп,
Ішінде пасықтардың жүр есебі...
Өзінің мөлдірлігін шырақ қылып,
Бұл өмір - ағып жатқан бұлақ күліп.
Әлгіндей бетке шіркеу жаңқаларды ол,
Жағаға тастаса екен лақтырып!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі