Түсінікті – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Түсінікті» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2449
Кезінде жас жүрегім жалынға бай,
Жайықты жағаладым дамылдамай.
Тығылып тоғайлардың қолтығына,
Отырған кіп-кішкентай ауылдар-ай!
Алыстан көрінетін түндері,
Күндіз-түн қонақ еді күтінгені.
Қаладан қалжырап кеп құлағандар,
Тәні мен жанын сонда «бүтіндеді...».
Бойына орналасып бір көшенің,
Әп-сәтте әйгілейтін үй де есебін.
Сағынып жүрмін сол бір ауылдарды,
Ойлаумен қилы-қилы күй кешемін.
Жасырман, көлгірсімен - ел жүдеді,
Мақтаған мына нарық берді нені?
Бұл күнде ойдым-ойдым тоғай түгіл,
Мың жылдық ну ормандар селдіреді...
Мен көрген мырза ауылдар мамыражай,
Бұл күнде жайың қалай, халің қалай?
Беліңді бүгіп тірлік тауқыметі,
Күндерің жатыр ма өтіп, жадырамай.
Пір тұтқан қарапайым кісілікті,
Достарым, бармысыңдар «тісі» мықты?
Aт басын бүрмай жүрсем, кешіріңдер,
Себебі болар деймін түсінікті...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсінікті өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Түсінікті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсінікті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсінікті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері