Шабыт кетті

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2174
Кірпіктерім ілінбестен жатырмын,
Ойлауменен тағы бір таң атырдым.
Бір зілдей жүк иығымнан басады,
Баданакөз сауытындай батырдың.
Қашан ғана бұл күйден мен арылам,
(Сенсем бе екен төзімімнің барына).
Бірақ мені ұят қысып жүрген жоқ,
Шаң қонбайды арымның ақ қарына.
Шабыт кетті, көптен бері «жаяумын»
Сол себептен көңілімде қаяу-мұң.
Жарқ етіп бір кіріп келсең қайтеді,
Өлең досым, құдіреттім, аяулым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт кетті өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Шабыт кетті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шабыт кетті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабыт кетті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері