Қыс – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Қыс» атты Гульнази Назарова жазған табиғат туралы өлең берілген.

Ақ мамыққа оранады жер беті,
Айнадай боп жалтырайды көлдері.
Аязбенен ою салды әйнекке,
Айтуға болады енді міне қыс келді.

Қаһарлы қыстың бұл мінезі.
Алай-дүлей соғады ашулы кезі.
Қаратпайды бұрылтып жан-жағыңа,
Қандай қатал, әрі қатты өзі.

Бірақ тамашасы бар қыстың да,
Бала біткен ойнайды мұнда.
Бірін –бірі сүйретіп шанасымен,
Шуласады сырғанап мұз айдынында.

Әдемі қалашық салып мұздан ,
Сәулетшілер өнері бұл бір озған.
Үлкен де, кіші де таң қалады,
Ғажайыптың жасалғанына қолдан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар