Элегия – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Элегия» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2569
Сағаты жеткенде ажал, тоқырап па?
Тұрмады бұл жолы да тосып артқа.
Бір жұлдыз көк төсінен ағып түсіп,
Бір бұлақ сіңіп кетті топыраққа.
Іргеміз көрген жоқ-ты ажырасып,
Кездеспей кетсек бір күн, қадыр асып.
Екеуміз бір жыл туған төл едік-ау,
Өмірдің өрісінде жамырасып.
Батып тұр дос-жаранның ойы мұқта,
Кім шыдар бұл қайғының сойылына.
Тым ерте бір гүл өмір түсті үзіліп,
Тойымсыз қара жердің қойынына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері