Қоңыр
- 0
- 0
Күй шерткен оңашада домбырадан,
Күн кешкен жыр жолына болып алаң.
Даланың қоңыр күйін сүйіп өткен
О, менің дала мінез қоңыр ағам.
Бұл бетте «Адрессіз бала» атты Ақұштап Бақтыгереева жазған бала туралы өлең берілген.
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.
Өттің де астан-кестен, ойда жоқта,
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын,
Қажет болса мінбеге шыға аламын.
Бала көңіл, момақан «қазақ» деген
Елдің қызы болғанға қуанамын.
Керемет Керемет
Керемет Керемет