Оралдың ерке самалы
Бұл бетте «Оралдың ерке самалы» атты Ақұштап Бақтыгереева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оралда алаулаған гүлдер керім,
Күн нұры аймалаған күмбездерін.
Елесін жас дәуреннің бақта қалған,
Жүгірген ақ сәулемен бірге іздедім.
Ай! Ақ қайың, сұлу қарағай,
Жайықта өскен жағалай,
Тербейді мені,
Тербейді сені,
Оралдың ерке самалы-ай!
Толықсып Ақ Жайықтың тасқан шағы,
Оңынан Айы туып, асқан бағы.
Сұқтанып сұлу Орал келбетіне,
Ақша бұлт көше алмайды аспандағы.
Қ а й ы р м а с ы.
Жымыңдап жұлдыздар жатқан алыс,
Шақырып ғашықтарды баққа таныс.
Оралдың тербегенде мақпал түні,
Жүректен төгіледі ерке вальс!
Қ а й ы р м а с ы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі