Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын
- 0
- 1
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын,
Қажет болса мінбеге шыға аламын.
Бала көңіл, момақан «қазақ» деген
Елдің қызы болғанға қуанамын.
Бұл бетте «Айдын көлдің арызы» атты Ақұштап Бақтыгереева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын,
Қажет болса мінбеге шыға аламын.
Бала көңіл, момақан «қазақ» деген
Елдің қызы болғанға қуанамын.
Алғаш көрген қалада адасуда,
Тұрағы жоқ, келіпті баласына.
Тілдестім де әйелді үйге әкелдім
Мұқтаж болған қиын-ау жанашырға.
Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Ақ айдын айырбас боп тас қалаға,
Тұрсам да жанға жайлы баспанада.
Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан
Мен, апа, секілдімін ақ шағала.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі