Бәрінен де... соны айтшы!
Бұл бетте «Бәрінен де... соны айтшы!» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шуақты айтшы, бәрінен, шуақты айтшы,
Сол шуақтан тараған қуатты айтшы,
Көңіл-дария – шалқарға құятұғын
Бастау алған пейілден бұлақты айтшы.
Сол шуақты сезінген сезімді айтшы,
Сезім-кәусар шөлдеткен кезімді айтшы,
Соның бәрін сақтаған тұнығында
Жарылқаған Тәңірім, өзіңді айтшы!
Алақаның сипаған маңдайды айтшы,
Тәтті сырмен тамсантқан таңдайды айтшы.
Соның бәрін жүректе шымырлатқан,
Тектілігін сақтаған қаныңды айтшы.
Қос жүректі тербеткен ақ бесіктей,
Аялаған жырыңда барымды айтшы!
Сен дегенде «үһілеп» сая таппай,
Шығып кете жаздайтын жанымды айтшы!
Көкжиекке телмірткен таңымды айтшы,
Атқан таңмен жарылқар бағымды айтшы,
Аман болып сен жүрсең, ардағым-ау,
Өлмейтұғын менің де барымды айтшы!!!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі