Қала үрдісі
Бұл бетте «Қала үрдісі» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қала үрдісі,
жағдай басқа ... көрші мұнда көршімен
Сөйлесуге құлықты емес. Аңдысып,
көз қиығын әзер салар байқатпай,
Өзі де асқақ, құшағында паң күшік...
Қала салты –
отбасында... асып кетсе – екі адам,
Әр адамның бір басында жеке дау.
Бала шіркін қатын алса – адам боп,
Бас-басына күйттеп жанын кетеді-ау.
Қала осы...
кешегі үміт, арман мұнда әдіра...
Қала адамы сирек жүрер жадырап.
Қыр қазағы көшіп келген о баста
Қалған екен тамырынан ажырап...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі