Айнам қалды

Бұл бетте «Айнам қалды» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5252
Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Ақбикеш үзатылып барады енді.
Мал берген сүймесе де ала келді.
Алғашқы алау сезім жанған жүрек
Бір кеште шерменде боп қала берді.
Сезімтал еткен тағдыр өнерліні,
Күйші Есжан тойға келді келер күні.
Сол еді-ау қалағаны Ақбикештің
Жігіттің бақ байлады кедейлігі.
Той өтпек Нарын қүмның етегінде,
Қыз кетпек мал бергеннің жетегінде.
Ақбикеш сүратып ап домбырасын
Күй тартты әке үйінен кетерінде.
Жаңа күй тартты сүлу, ойланбады,
Барша жүрт мүңлы әуенге қайран қалды.
Шанағы домбыраның күңіреніп
Дегенді қайталады «айнам қалды».
Дейді қыз: «Айнам қалды, армандамын,
Жүректің кім түсінсін зарланғанын».
Сол кезде күйді Есжан қайталады
Көңілі екеуінің болған мәлім.
Қүдалар мынау жайға секемденді.
«Күйшімен қыз көңілдес екен» деді.
Есжанға қамшы ойнатты осы сәтте
Күйеудің дорекілеу нөкерлері.
Есжанды соқты топас тобыр келіп,
Қыз талды. Күйеу, қүда отыр көріп.
Той тарқап, қызды дереу аттандырды,
Ал, Есжан қалды мәңгі соқыр болып.
Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайда аңыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айнам қалды өлеңінің авторы кім?

Ақұштап Бақтыгереева‎ — осы өлеңнің авторы.

Айнам қалды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айнам қалды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақұштап Бақтыгереева‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айнам қалды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері