Өмірді балап көктемге

Бұл бетте «Өмірді балап көктемге» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Уақыт байыз тапқандай,
байырқап тұр-ау жел баяу.
Желе жортып келеді
Мұңды Асан мінген желмая.
Шындық екен, қайтейін,
жалғандығы – жалғанның.
Жұмыр жер – сынақ алаңы,
айлағы асыл арманның.
Жаз өтсе, келіп түсер күз,
алмасар қыспен қары бар.
Аманатқа алған өмірдің
шың-құзы, терең жары бар.
Талпынсам-дағы шыңдарға,
құзынан жүрмін қаймығып.
Теңізде өскен жан едім,
аңсаймын жиі айдынын.
Өмірді балап көктемге,
күн кештім нулы бөктерде...
Биіктен таба алмасаң,
іздеңдер тереңдіктерден.
...Жылжиды баппен уақыт,
еседі самал жел баяу.
Өмірдің көшін артып ап,
асады қырдан желмая.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірді балап көктемге өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Өмірді балап көктемге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірді балап көктемге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірді балап көктемге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері