Қазақтан арыз
Бұл бетте «Қазақтан арыз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Топырағыңнан күреп алып әлдекім,
делдал болып айырбастап «өтелге»,
арсыздықпен тасып жатса шет елге...
өз жерімде өндірілген қорғасын
баз-біреудің қолындағы қару боп
мені көздеп атылмасын түбінде,
«импорт оқтан» құдай өзі қорғасын.
Перизаттың бойындағы от-алау
жат пиғылдан алмасыншы бағасын.
Құлагердің тасқа шапса мұқалмас
Қытай соғып бермесінші, тағасын.
Тілін ұғып, иманға ұйып үлгіртпей
шет елдерде оқытпасын баласын.
Жат бір-бірін сыйламаса - таласын,
іні алмасын жағасынан ағасын.
Күндеушінің тіл мен сұғы өтпесін,
жәудір көзден жас тамшылап жетімдер,
көлгірлердің жетегінде кетпесін.
Хас сұлуың доллар іздеп, тән сәтып,
боздақтарға жаудырмасын өкпесін.
Жалбарынам тәңіріме: осылар
ескерілмей, жалаң үкім кеспесін...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі