Бұл бетте «Жалғыздықпен болмай жолдас» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғыздықпен болмай жолдас
жұп өмірдің қадірі өтпес.
Жалғыздықтан жапа шегіп
көрмейінше бағың кетпес.
Иық тосқан сүйеушіңмен
қатар жүрген күндеріңді
ұмытпасаң – соның өзі
бір бақытың баға жетпес.
Түп-түбіңе жетер болса –
шын жалғыздық жетпей қоймас.
Жалғыздықты сезінуге:
жұдырықтар сені сілтеп
түйілуі міндетті емес.
Жалғыз қалып, ой қамаса,
сені ешкім ойламаса,
кез болмасаң сондай сәтке
Дос қадірін білемін деу,
сірә, бекер... бекер елес.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі