Қайран қариялар – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қайран қариялар» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 3573
Ұлы Отан соғысының Жыланды ауылындағы қаһармандарына

Дархандығы айнымаған дария
Бар тірлігі аймағына жария
Күнде көрсең, дәл кешегі қалпында
Келе жатар түйе мінген қария.
Әзілқой жан, төңірегін мәз қылған,
Келген көшіп, десетін-ді, Азғырдан.
Түйе мінбей жүрер еді-ау, қаласа
Қол-аяқ кем – тағдыр солай жазғырған.
Әлдеқалай бас қосқанда құрдастар
Жөткерініп әңгіме айтса біреуі...
...Сонау жылғы соғыс езген еңсе көп,
Бас шайқалып, иық біткен теңселеді.
Өткен күнін есіне алып кемсеңдеп,
Тілсіз бірі шетте отырар елпеңдеп,
Қолсыз жеңі оралымсыз селтеңдеп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері