Қысқы бақта

Бұл бетте «Қысқы бақта» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 500
Төңіректі қырау қымтап қыс келді,
Жер менен көк әппақ шаңқан түске енді.
Ақ сәукеле, сұлу мүсін – жарастық,
Кербез сұлу жасыл шырша түрленді.
Мүлгиді әлем.
Кимешегі бәйтерекке үйлесіп,
Оралады етегіне тал шыбық.
Иіледі сәлем берген келіндей
Сұлу қайың желең бүркеп ақ түбіт.
Мүлгиді әлем.
Мәжнүн тал да баяу тербеп бұтағын,
Ләйлісіндей ашар саған құшағын,
Уыс-уыс күміс шашу маңайға,
Жадыратып көңіліңді, тарайды, ә!
Сергисің сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы бақта өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Қысқы бақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы бақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы бақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері