Қысқы бақта – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қысқы бақта» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Төңіректі қырау қымтап қыс келді,
Жер менен көк әппақ шаңқан түске енді.
Ақ сәукеле, сұлу мүсін – жарастық,
Кербез сұлу жасыл шырша түрленді.
Мүлгиді әлем.
Кимешегі бәйтерекке үйлесіп,
Оралады етегіне тал шыбық.
Иіледі сәлем берген келіндей
Сұлу қайың желең бүркеп ақ түбіт.
Мүлгиді әлем.
Мәжнүн тал да баяу тербеп бұтағын,
Ләйлісіндей ашар саған құшағын,
Уыс-уыс күміс шашу маңайға,
Жадыратып көңіліңді, тарайды, ә!
Сергисің сен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері