Ақтүтек боран
Бұл бетте «Ақтүтек боран» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ түтек боран, амалың қалмай,
күйемен күресудесің,
Ақ әлем арман, әлеміш жалған –
итжығыс халде күй кешіп,
Аспан мен жердің арасы мұнар,
қап-қара тұман, қарашы!
Ақ пенен қара бірімен бірі,
Жағадан алып, таласып,
Ақ түтек боран, ақтүтек әлем
Ығыстыр түстің қарасын.
Жабығып жүрген жабырқау көңіл,
Сергіші, серпіл, көз ашып –
Ақ тілеуіме ақшаңқан дүние
Айқара түссін жол ашып!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі