Бұл бетте «Алатау ақ сәлдесін орап алған» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алатау ақ сәлдесін орап алған,
Ақ шапан иығына қона қалған,
Сардарға мойын бұрған өңкей сарбаз
Шыңдар да ақ иықты бола қалған.
Жорыдым ақ сәлдені жақсылыққа,
Шашырап күннен ұшқан алтын шапақ
Ұқсайды түйілмеген тәспиыққа,
Жорыдым мұны тағы жақсылыққа.
Биіктік, ақпен әркез астаса бер,
Жүрейік жақсылыққа жорып бәрін,
Алатау, сәлдең шешпей тұра тұршы,
Қонғанша жүректерге иман дарып!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі